Мемлекет басшысы «Lancaster Group Kazakhstan» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниевті қабылдады
Сондай-ақ Мемлекет басшысына Қазақстандағы инновациялық жекеменшік мектептер желісі – «Quantum STEM Schools» жобасының жүзеге асырылуы жайлы мәлімет берілді. Оқу орны Сингапур мен АҚШ елдерінің озық тәжірибесі негізінде білім береді. Алматы қаласының экологиясын жақсарту мақсатында құрылған «AirVision.kz» қоғамдық қорының жұмысы да таныстырылды.
Кездесу соңында Президент «Жас қыран» футбол академиясы бұқаралық балалар спортын, әсіресе, футболды дамытуда үлгі-өнеге көрсетіп отырғанын атап өтіп, бастаманың сәтті іске асуына тілектестік білдірді. «Lancaster Group Kazakhstan» компаниясының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға қосқан үлесіне оң баға берді.