Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері Ауғанстандағы жағдайды талқылады
Президенттер Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Орталық Азия аймағындағы ахуалды талқылады. Айта өту керек, Ауғанстанның жүздеген әскериі «Талибан» содырларынан қашып, Тәжікстанға өтіп жатыр. Қазақстан Президентімен телефон арқылы байланысуға тәжік тарапы бастамашы болған. Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас тәжік халқына берілетін көмекті жалғастыра беретінін айтты. Мемлекет басшылары аймақтағы ахуал жайында өзара ақпарат алмасу үшін осылай тұрақты байланыс жасап тұруға келісті.