Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады
Жыл басынан 1576 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелген. Талан-таражға түскен 20 миллиард теңгеден астам қаржы бюджетке қайтарылды. Сондай-ақ Президентке 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын әзірлеу туралы тапсырмасының орындалу барысы жөнінде есеп берілді. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін қолдады және Агенттіктің жұмысына оң баға берді.