Президент Қытайдағы Қазақстан елшісі Шахрат Нұрышевты қабылдады
- Категория: Саясат

Президент Қазақстанның Қытайдағы жаңадан тағайындалған елшісі Шахрат Нұрышевты қабылдады.
Елшінің алдында зор міндеттер тұр. Әсіресе халықаралық және өңірлік деңгейдегі, оның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес алаңдарындағы байланыстарды нығайту маңызды.
Мемлекет басшысының ақпан айында Бейжіңге сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды да уақытылы жүзеге асыру керек.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзиттік ықпалдастықты, экономиканың маңызды секторларындағы серпінді инвестициялық жобаларды дамытудың маңызды екенін жеткізді.