Қ. Тоқаев: Біздің міндетіміз – халықтың әл-ауқатын арттыру үшін экономиканың тең өсуіне қол жеткізу
Үш күн бойы өтетін халықаралық конференция барысында сарапшылар аумақтық және әлемдік қаржы нарығындағы өзекті мәселелерді талқылайды. «Тұрақтылық. Әлеуметтік жауапкершілік. Өсім» деп аталған конференцияда Қазақстанның даму әлеуеті мен қаржылық, инвестициялық мүмкіншіліктері және де жаңа экономикалық реформалары талқыланады деп жоспарланған. Astana Finance Days шарасының қатысушыларын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев конференцияның ашылуымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бүгінде халықаралық қауымдастық теңдессіз геосаяси және экономикалық турбуленттілік жағдайында тұр. Салдарынан жаһандық әлеуметтік-экономикалық, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздіктің сын-қатерлері шиеленісе түсті. Бұл 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы БҰҰ-ның күн тәртібін іске асыру үшін ең жағымсыз салдарға әкеп соғады. Жарты жолды жүріп өткеннен кейін біз оған қойылған мақсаттардың көпшілігінің регрессиясын көрудеміз. Әрине, бұл қауіпті тенденциялар бізді алаңдатады. Орталық Азиядағы ең ірі және жылдам дамып келе жатқан экономикалардың бірі бола отырып, Қазақстан ашық, инновациялық және бәсекеге қабілетті экономикалық модельге ұмтылады. Біздің міндетіміз – азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін экономиканың тең өсуіне қол жеткізу. Сондықтан біз бизнес-қоғамдастықтан ойынның жаңа ережелері мен шарттарына жылдам бейімделуді ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары дәрежесін де күтеміз.