Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин «Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады
Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Орталық мемлекеттік музей, Тұңғыш Президент музейі және Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі қорларынан 40-қа жуық археологиялық жәдігер, сондай-ақ сәндік қолданбалы және бейнелеу өнерінің заттары қойылған.
Қазақстан мен Қытай басшыларына қазақ-қытай халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің даму сабақтастығын көрсететін бес бөлімнен тұратын көрменің құрылымы таныстырылды.
Дереккөз:akorda.kz