Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысының президенттікке кандидатурасын қолдайтын халықтық коалиция ұйымдармен толығып жатыр

Қазіргі уақытта коалиция құрамында «Аманат», «Ақ жол» және Қазақстан Халық партиясы, сондай-ақ оннан астам республикалық қоғамдық бірлестіктер бар. Сонымен қатар Қазақстанның Азаматтық альянсы азаматтық қоғамды нығайту үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен, Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Президенттің Іс Басқармасының жанындағы Парламентаризм институтымен және Еуразия ұлттық университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бану Нұрғазиева, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ президенті:
- Сондай-ақ Қазақстанның Азаматтық альянсы, Ұлттық еріктілер тобы, Генералдар кеңесі де бар. Бүгінгі күнім хаттардың келуімен басталды, олардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың ұйымы болса, тағы бірі Ауған соғысына қатысқан ұйым екен. Коалицияға кіргісі келетіндер көп.