Маңғыстаулық велоспортшы Рәббім Борашев Парижге аттанды
Бейнеу ауылының 64 жастағы тұрғыны Францияда өтетін жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына жанкүйер болуды жоспарлап отыр. Велоспортшы Ақтаудан Әзербайжан астанасы Бакуге ұшақпен жетті. Әрі қарай Тбилиси-Батуми бағытындағы тас жолмен, одан соң Ыстамбұл-Будапешт-Вена-Мюнхен қалалары арқылы Парижге барады. Осылайша велосипедпен бес мың шақырымды бағындырмақ. Бұған дейін Рәббім Борашев Маңғыстаудан Алтайға велосипедпен барған.
Рәббім Борашев, велоспортшы:
-Жұрт самолетпен ұшып барады, мен кәдімгідей тер төгіп барам. Бакудің осы жердегі консулдары келіп, осы жерде барлығы шығарып салды. Ана жақтан велофедерациясы өздері күтіп алып, мені Грузияның шекарасына дейін шығарып саламыз деді. Маған бұл үлкен қолдау. Тек маған емес, бүкіл Маңғыстауға бауырластық қолдау деп түсінем мен. Қатты риза болдым.