Үкімет ветеринария қызметіне ₸3,8 млрд бөлді
Үкімет еліміздің ветеринариялық қызметін күшейтуге өз резервінен 3,8 миллиард теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды. Қаражат зертханаларды дәлдігі жоғары құрылғымен, яғни халықаралық ережелер мен талаптарға сай келетін сұйық хроматографпен жабдықтауға бағытталмақ. Ол ветеринария саласында нақты зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.