Партиялар әскерилердің отбасыларына ақшалай көмек көрсетеді

  • 4
  • 25.09.2026, 19:11

Халқымыз осынау қиын сәтте береке-бірлігін танытып, ауыр қайғыны бірге бөлісуде. Елімізге белгілі кәсіпкерлер, марқұмдардың отбасыларын материалдық қолдауға қол ұшын созып жатыр. «Әділет» партиясы мен оның Іскерлік кеңесінің мүшелері және Республика партиясы, әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қаржылай көмек аударатындарын хабарлады. Қазақстан Халық Кеңесіне мүше 17 кәсіпкер 815 млн теңге бөледі. Бұған дейін кеңес төрағасы Ерлан Қошанов әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, Президент тапсырмасы негізінде құрылған арнайы мемлекеттік комиссия барлық қажетті шараларды ұйымдастырғанын атап өткен еді. Айта кету керек, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық қолдау көрсеткісі келетін азаматтар, бизнес өкілдері мен ұйымдар үшін бірыңғай қор жұмыс істеуде. Қаражат аудару тек ерікті түрде жасалады.