Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы Айбек Дәдебай ресми телеграм каналында Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің жақындарына көңіл айтты.
«Өзімнің және Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары атынан Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына қайғыра көңіл айтамын. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкіметтік комиссия құрылды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті көмек көрсету бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», - Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы Айбек Дәдебай.