Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Ақмола облысына барды
Мұнда да ауылдың дамуы, жайылымдық жердің тапшылығы айтылды. Өңірде ауызсу мәселесі әлі күнге дейін жөнді шешімін таппаған. Нұрлан Әуесбаев тұрғындардың сұрақтарына барынша жауап беруге тырысты. Кандидатты ұсынған«Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы науқан бойынша қорытынды жиын өткізеді.
Нұрлан Әуесбаев, президенттікке кандидат:
- Кездесуде ауыл тұрғындарының қойған негізгі сұрақтары – ауылдың мәселесі, су мәселесі, ауыл айналасындағы жайылымды жер мәселесі тағы сондай мәселелер мемлекеттен бөлінген қаржылар қайда кетіп жатыр басқа да үлкен сұрақтарды қойды. Жалпы біз өзіміздің сайлауалды бағдарламамызға сәйкес, барлық жердегі кездесулерді өткіздік.