Сайлау 2022: сарбаздар өз таңдауын жасады
Өйткені 65-06 әскери бөліміндегі жабық дауыс беру учаскесі өзгелерге қарағанда уақытынан бір сағат бұрын ашылды. 800-ден астам қатардағы жауынгер дауыс беруге саппен келіп, Әнұран шырқады. Әскери тәртіпті сақтаған сарбаздар осылайша саяси науқанға үн қосып, қызметке кірісті. Жалпы Шымкеттің әскери бөлімдерінде 2 мыңнан астам жауынгер Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Олардың көбі науқанға алғаш рет қатысып отыр.
Нұркелді Алдабергенұлы, қалалық 65/06 әскери бөлімінің жас сарбазы:
- 18 жасқа толғалы бері осы бірінші сайлауым. Еліміздің Президентін сайлау. Бүгін бірінші өтіп жатқаннан кейін кішігірім сыйлықтар алдық. Еліміздің болашағы үшін Тәуелсіз Қазақстан үшін өзіміздің дауысымызды беріп бастадық. Ел тағдыры мен болашағын осындай сайлайтын уақытта ешқандай азамат сыртта қалмауы керек.