Хабар телеарнасы

Тоқаев кезектен тыс өтіп жатқан Президент сайлауында дауыс берді

Онда Қасым-Жомарт Тоқаев журналистер алдында сөз сөйлеп, Президент сайлауы - тарихи күн екенін атап өтті. Еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беріп отырмыз. Шын мәнінде, биыл оңай болған жоқ. Бірақ халқымыз жұмылып, қиындықтардың бәрін еңсерді. Енді алдымызда тұрған өте ауқымды міндеттер бар, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.