Президент сайлауында мемлекеттік кеңесші Қарин өз таңдауын жасады
Ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға мемлекеттік кеңесші балаларымен барды. Айтуынша бұл жаңа Қазақстанның бастауы болатын тарихи күн. Әрі ел дамуына, жаңа бастамалардың жүзеге асуына дем береді. Осы тұста болашаққа бей-жәй қарамайтын әрбір қазақстандық өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, таңдау жасауына мүмкіндік бар деді.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесші:
- Қазір 600-ден аса шектелдік бақылаушылар, халықаралық, одан басқа мыңдаған отандық бақылаушылар қатысып жатыр. Сайлау учаскесінде көптеген бақылаушылар отыр. Биылғы сайлау науқанындағы қоғамдық белсенділікті аңғартады.