Президент Үкіметте бірқатар ауыс-түйіс жасады
Сондай-ақ бірнеше министр ауысты. Серікқкали Брекешев Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды. Оның орнына бұған дейін вице-министр болған Зүлфия Сүлейменова отырды. Асхат Аймағамбетовты да орынбасары алмастырды. Оқу-ағарту министрі болып Ғани Бейсембаев тағайындалды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде де вице-министр бірінші басшы атанды. Қайырбек Өскенбаевтың орнында енді Марат Қарабаев министр. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қызметінен кетті. Орнына Аманат партиясында атқарушы хатшы болған Асхат Оралов келді. Ал Қанат Мусин өткен жылдың соңында Әділет министрі лауазымынан босатылған еді, орнына Азамат Есқараев келді. Ол бұған дейін Преьер-министр кеңсесіндегі заң бөлімінің меңгерушісі болған.