Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген жерлестеріміз біршама азайды
Айтуынша, бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 11 мың адам болса, қазір онда шамамен 7-8 мың отандасымыз қалған. Себебі өткен жылы екі ел арасында бір ай бойы «жасыл дәліз» жобасы жүзеге асырылды. Керісінше, «Алтын үшбұрыш» аумағында құлдыққа тап болған қазақстандықтардың қатары көбейе ме деген қауіп бар. Әзірге ол жаққа жұмыс істеймін деп барып, арам ниеттілердің алдауына түсіп қалған 2 жерлесіміз туралы ақпарат бар. «Бірақ расталмаған бейрәсми мәліметтер бойынша одан да көп болуы мүмкін», – дейді ведомства өкілі. Қазір бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
- Тайланд, Мьянма, сол елдердің сыртқы істер министрліктерімен байланыстамыз, ішкі істер министрліктерімен байланыстамыз. Әрине, оңай мәселе емес. Оның алдында да осыдан жарты жыл бұрын тура осындай жағдайға біздің бір азаматшамыз тап болған. Өздеріңіз білетіндей бұл халықаралық криминалдық топтардың ісі. Сондықтан олармен келіссөздер жүргізу оңайға түспейді. Өйткені ана «Алтын үшбұрыш» деп аталатын жерде билік те жоқ, байланыс та жоқ. Өздерімен өздері, кішігірім ғана сондай аумақ.