«Ауыл» партиясының кандидаттары Қобда ауданына барды
«Ауыл» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Ақтөбе облысында жалғастырды. Кандидаттар елді мекендерді аралап, жергілікті халқымен кездесті. Саяси ұйымның негізгі тұғырнамасын түсіндірді. Алыс ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысты. Одан кейін Қобыланды батыр мәңгі тыныстап жатқан Қобда ауданына барды. Ары қарай Әлия ауылына соғып, мәдениет үйінде жиналыс өткізді. Ақтөбе қаласының іргесінде орналасқан ауыл шаруашылығы кооперативінің жұмысын көрді. Жергілікті диірмен комбинатының жұмысшыларымен жүздесті. Ертең делегация Батыс Қазақстан облысына бағыт алады.
Бағдаш Тупенова, Ә. Молдағұлова атындағы орталықтың директоры:
-Бұл еліміз үшін үлкен науқан. Науқанға Әлия ауылының тұрғындары да үлкен дайындық жүргізіп жатыр. Өзім де сол күні дауыс беріп, өз таңдауымды жасауға дайынмын.