Хабар телеарнасы

Respublica партиясы Маңғыстау өңіріне барды

Өңірге барған партия өкілдері Ақтау қаласындағы аммиак және аммиак селитрасын өндірумен айналысатын кәсіпорында болды. Онда республикалықтар бірқатар маңызды мәселеге тоқталды. Көңіл бөлінуі керек тұстарды талдап, ұсыныс-тілектерін айтты. Ал жиынға қатысушылар өз сауалдарын қойып, партия белсенділерімен пікір алысты.