Премьер-Министр сайлауда өз таңдауын жасады
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді. Үкімет басшысы өз таңдауын Астанадағы Ұлттық кітапхананың ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде жасады. Одан кейін Әлихан Смайылов қазіргі Министрлер кабинеті отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл шешім Ата Заңымыздың 70-ші бабына сәйкес қабылданды.