Бұл туралы Біріккен күрес әлемінің (UWW) сайты ресми жазды. Турнирдің қай аренада өтетіні белгісіз. Дүбірлі доданы оңтүстік астананың үш спорттық ғимаратының бірі қабылдайды – «Алматы Арена», Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы және «Халық Арена».
Еске салайық, 2020 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 5 алтын, 2 күміс және 12 қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте төртінші орын алды.