Отандық спорт саласына жаңа мамандар қосылды. Спорт жаңалықтары

Отандық спорт саласына жаңа мамандар қосылды. Спорт жаңалықтары
  • 1233
  • 18.06.2024, 16:30

Еуразия ұлттық университетінде спорт журналистикасы бойынша алғашқы түлектер диплом алды. Бұл білім беру бағдарламасы 2021 жылы ашылып, жастар салалық бағытта оқыды. 22 студент 4 жыл бойы спорт туралы білім алып қоймай, жарыстардан хабар таратты. Аға буынға қосылып, тәжірибелерін шыңдады.

Дана Байғожина, ЕҰУ Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі: 

- Алғаш рет спорт журналистерін дайындап, нарыққа шығарып жатыр. Бұл білім беру бағдарламасы 2021 жылы ашылған болатын. Қазір 22 студентке диплом беріп жатырмыз. Бұл студенттердің айырмашылығы – спорт журналистері салаланған. Қазақстанда мықты маман болады деген сенімдеміз.

Алматы облысы стенд атудан Азия чемпионатын қабылдайды. Құрлық біріншілігі 20-шы қыркүйекте басталады.

Мергендер сайысына 40 елден 500-ге тарта спортшы қатысады. Қазір Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына дайындалып жатыр. Франция астанасындағы кешенді сынға Әсем Орынбай, Мария Дмитриенко, Эдуард Ещенко барады. Жерлестеріміз трап, скит және аралас командалық сында жүлдеге таласады.