Нұрбек Оралбай – Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері

Нұрбек Оралбай – Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері
  • 1945
  • 08.08.2024, 10:23

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек Оралбай финалда Александр Хижнякқа есе жіберіп, екінші орынды місе тұтты.

Алғашқы раунд 2:3 есебімен қарсыластың еншісінде болса, екінші раундта Нұрбек 3:2 есебімен басым болды. Қос кезеңнің нәтижесі тең болып, шешуші үшінші раундта жеңісті төрешілер украиналық боксшыға берді.

Айта кетейік, бұл – отандасымыздың алғашқы Олимпиадасы.