Жетісу облысының зағип жандарға арналған үстел теннисі үйірмесі ашылды

  • 9
  • 09.12.2025, 18:44

Жетісу облысының Балпық би ауылында көзі нашар көретін және зағип жандарға арналған үстел теннисі үйірмесі ашылды. Енді Көксу ауданының тұрғындары орталық стадионда Showdaun спортымен шұғылданып, бір мезгіл бой сергітетін болады. Көз жанары суалған азаматтарға бейімделген ойын қимыл қозғалысты ширатуға, есту қабілетін дамытуға және жылдамдықты арттыруға ықпал етеді. Бұл өңірде ашылған бесінші спорт секциясы. Оған жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасап, саяси ұйым мен қоғамдық бірлестік өкілдері ұйытқы болған. Салтанатты іс-шарадан соң жарыс өткізіліп, 20 шақты ойыншы өзара сынға түсті.  

Ербол Әтейбеков, Талдықорған қаласының тұрғыны:

-«Showdaun» деген жақсы ойын. Қанша зағип жандар бар үйде жатып шыға алмай жатқан. Солар келіп, осы шоудаунды ойнаса деп шақырам. Бұл ойын денсаулыққа да пайдалы. Ермек те бізге. Пайдасы жақсы. Бір-бірімізбен білісіп жатырмыз.
 

Мәдина Дәуітова, облыстық Showdaun қоғамдық бірлестігінің басшысы:

-Төрт ауданға Ақсу, Сарқан, Жаркент қаласы, Алакөл ауданында Алла қаласа ендігі жылы бұл столдар қойылады.
Филиалдар ашылғаннан кейін. Ендігі жылға дейін амандық болатын болса, жұмыс жасап көреміз. Жақсы демеушілер табылатын болса республикалық чемпионатты жасауға ниеттіміз.