Дэвис кубогы: Бублик Қазақстанға алғашқы ұпайды сыйлады

  • 334
  • 06.02.2026, 21:40

Астанада Дэвис кубогы аясында теннистен бірінші әлемдік топтың плей-офф кезеңі басталды. Қазақстан өз алаңында Монакомен кездесті. Бірінші кездесуде ұлттық құраманың көшбасшысы, әлемнің 10-шы ракеткасы Александр Бублик Хьюго Ниспен ойнады. Матч екі сетке ғана созылып, 6:0, 6:3 есебімен қазақстандық ойыншы жеңді. Бұдан соң Александр Шевченко мен Валентин Вашромен бәсекеге түсті. Қонақтар командасы 0:2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші күндегі есеп тең. Ережеге сәйкес 5 кездесу өтеді. Жеңізке жеткен команда әлемдік элитадағы орнын сақтап қалады. Және алдағы қыркүйекте келер жылғы финалдық іріктеу кезеңіне жолдама алу үшін жарысқа түседі.

Гаухар Абеуова, ҚТФ Президенті PR және байланыс бойынша кеңесшісі:

- Биылғы әлем чемпионатына қызығушылық бұрын-сонды болмаған деңгейге жетті. Бұған бірнеше фактор әсер етті деп ойлаймын. Себебі қазір әлемнің оныншы ракеткасы саналатын отандасымыз Александр Бублик елге келді. Сонымен қатар Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатында жеңіске жетті. Осыған байланысты жанкүйерлер мен жұртшылықтың қызығушылығы айтарлықтай артты. Сондықтан бүгін де, ертең де аренамызда бос орын жоқ.