Қазір әлем назары Италияда. Төртжылдықтың басты додасы енді қызды. Күн сайын спорттың әр түрі бойынша жүлделі орындар сарапқа салынуда. Бағы мен бабы қатар шапқандар қос-қостан медаль алып жатыр. Қазақ жұрты да жағымды жаңалық күтіп отырған жайы бар. Ақ Олимпиаданың астанасынан ақпарат таратуға арнайы барған тілшіміз Жандос Айтбайұлы қазір тікелей байланысқа шыққалы тұр.