Италияда XXV қысқы Олимпиада ойындары жалғасуда. Жарыстың 9-шы күнінде 4 спорт түрінен 9 отандасымыз өнер көрсетті. Фристайл-могулдан Павел Колмаков 1/8 финалда сүрінді. Ол Олимпиада ойындарының 3 дүркін жүлдегері канадалық Микаэль Кингсбериге есе жіберді. Ал конькимен жүгіруден Кристина Силаева мен Арина Ильященко 500 метрлік дистанцияда жарысты. Кристина 18-ші, Арина 29-шы орыннан көрінді. Cондай-ақ биатлоннан Владислав Кереев жарыс жолын 42-ші болып аяқтаса, тау шаңғысынан Александра Скороходова 37-ші орынға табан тіреді. Әзірге Қазақстан құрамасы Михаил Шайдоров сыйлаған алтынның арқасында жалпы есепте 17-ші орында келе жатыр.