Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарының чемпионы атанғанан кейін әлемнің ең үздік мәнерлеп сырғанаушыларының қатарына қосылды.
Халықаралық конькишілер одағының рейтингінде үшінші орынға көтерілді. Оның еншісінде 4961 ұпай бар. Ал америкалық Илья Малинин мұз айдындағы сәтсіздігіне қарамастан, рейтингте әлі де болса 5410 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орынға 5096 ұпаймен жапониялық Юмо Кагияма жайғасқан.