Миландағы тартысты ойындар қалай өтіп жатыр? LIVE

  • 625
  • 19.02.2026, 21:59

Енді Миланда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарына ойыссақ. Қазақстандық жанкүйерлер шорт-трекшілерге үлкен үміт артып еді. Өкінішке қарай Ұлттық құрама мүшесі Абзал Әжіғалиевке ширек финалда сәттілік жетіспеді. Ал Денис Никиша 7-ші сатыға тұрақтады. Миландағы тартысты ойындар қалай өтіп жатыр?

Абзал Әжіғалиев, шорт-тректен Ұлттық құрама мүшесі:

-Осы жолы қолдау өте ерекше болды. Жеке өмірде, әлеуметтік желілерде қолдау өте сезілді. Қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді. Кешірім сұраймын. Қолымнан келгенін жасадым. Әттең медаль ала алмадым. Бала кезімнен бергі арманым еді.