ХХ Азия ойындарының бейсенбілік жарыс күні біраз спортшымыздың қанжығасы майланды. Бірақ бүгін де алтын бұйырған жоқ. Ақтық сынға алқынбай жеткен спортшыларымыздың біразы финалда сүрініп күмісті қанағат тұтты. Джиу-джитсудан 69 келі салмақта Нұржан Батырбеков финалда Біріккен Араб Әмірліктерінен келген спортшыға есе жіберіп екінші орыннан көрінсе, дзюдошыларымыз Алмат Әділет пен Ажар Асхат алтын үшін айқаста жергілікті жапон спортшыларына жол беріп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Тағы бір дзюдошы қызымыз Эсмигуль Куюлова өзбек қызы Маржона Нурулоеваны жеңіп қолаға қол жеткізді. Бүгін сондай-ақ теннисші Юлия Путинцева мен слаломда есуден Екатерина Таранцева және джиу-джитсу шебері Жібек Құлымбетова Қазақстан қоржынына қола медаль салды.