Бүгінде ұлттық күрес түрі Қазақстанмен қатар әлемнің 40-тан астам елінде дамып келеді. Осы уақытқа дейін қазақ күресінен 12 әлем чемпионаты, 13 Азия чемпионаты, 6 әлем кубогы, 6 Еуропа чемпионаты және 2 Африка чемпионаты ұйымдастырылған. Бәсекелер Қазақстанмен қатар Иран, Бразилия, Әзербайжан және өзге де мемлекеттерде өтті. Бұл қазақ күресінің халықаралық спорт кеңістігінде танылып, географиялық ауқымының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Ұлттық спорттың халықаралық деңгейде дамуына да айрықша мән беріліп отыр. 2010 жылы қазақ күресі Біріккен дүниежүзілік күрес ұйымының жүйесіне енгізілді. Ал былтыр Азия құрлығында спорттың осы түрін дамытуға бағытталған Азиалық Qazaq Kuresi федерациясы құрылды. Қазақстанның жетекші халықаралық спорт ұйымдарымен байланыс орнатуы да төл өнеріміздің әлемдік аренадағы беделін арттыруға жол ашады.
Мейіржан Берекетов, Qazaq Kuresi қауымдастығының бас директоры
-Соңғы 5-6 жылдың көлемінде қазақ күресінің деңгейі дамыған. Осы биылғы әлем чемпионатыннан көре аламыз. Әлем чемпионатында 8 салмақ дәрежесінде ұлдар, 8 салмақ дәрежесінде қыздар өнер көрсетті. Өте белсенді жұмыс істеп жатқан көрші мемлекеттер – Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Грузия. Одан бөлек Индия мемлекеті жақсы жұмыс істеп жатыр.