Қазақстан спортшылары Олимпиада ауылына орналасты
Бұл елге барған халықаралық делегация әуежайда ПТР сынамасын тапсырып, карантинде болады. Теріс нәтижесі шыққан соң ғана жазғы ойынға қатысушылар жататын ауылға кіреді. Мұнда да 14 күн бойы ПТР тест тапсырады. Оның кестесі белгіленіп, тіпті оны қадағалайтын маман бекітіледі.
Сонымен қатар Олимпиада ойындарына қатысатын әр адам, күн сайын арнайы қосымшаға өзінің денсаулығы туралы ақпаратты енгізіп отыруы тиіс. Мұның барлығы – жарыстағы қауіпсіздікті сақтау үшін жасалып отырған шаралар.