Құжат бейнеконтент алмасу, мамандарды оқыту мен тәжірибе алмасуда екі телеарна арасында серіктестікті нығайтуға бағытталған.
Қазақстандық делегацияға ТРТ телерадиокешенінде экскурсия ұйымдастырылып, телеарнаның мүмкіндіктері таныстырылды. Түркияның басты хабар таратушысы – ТРТ корпорациясы құрамына оннан астам халықаралық, республикалық, аймақтық телеарналар кіреді.
Алан Әжібаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:
- Бұл «Хабар» Агенттігі тарихындағы тағы бір ілгері қадам болған. Ал ТРТ үшін ынтымақтастық аясының кеңейгенін білдіреді. Болашақта бірлесіп жаңа жобалар жасауымыз мүмкін. Сондай-ақ сериалдар, деректі фильмдер және әлеуметтік бағдарламалармен де алмасамыз. Сол себептен мұны түрік әріптестерімізбен бірлігіміздің бастауы деп атауға болады. Біз осыған өте ризамыз және болашақта өз жемісін беретінінен үміттімін.