Алматы облысында Ұлттық бірыңғай қабылдау күні өтті

  • 1675
  • 21.11.2019, 18:49

Облыс әкімі Амандық Баталовтың қабылдауына келген 100-ге тарта азамат көкейкесті мәселелерімен бөлісті. Жұмыс тобы ертеңнен бастап әрбір талап-тілекті тексеріп, тұрғындарға егжей-тегжейлі жауап беретін болады. Бүгінгі жиынның өзінде де бірқатар өтініш оң шешімін тапты.

Бақыт Айсина, қала тұрғыны:

- 2005 жылдан бері 82-ші болып баспана кезегіне тұрғанмын. Содан 2016 жылы инвентаризация болып жатыр деп мені кезектен алып тастаған. Әкім тапсырма берді. Бір аптаның ішінде жауап беріледі.

Диана Айдарханова, қала тұрғыны:

 - Текелі мен Талдықорған қаласында 41 баланың мүмкіндігі шектеулі. Арасында зағип балалар бар. Біздің ең негізгі ойымыз – оларға оңалту орталығын ашу. Зағип, дені сау, көз ауруларына ұшыраған балаларға психологиялық, педагогикалық көмек көрсету керекпіз. Бүгінгі жиналыстан біз қолдау таптық.