Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Алматыда төртем дүниеге келді

  • 1
  • 10.11.2026, 18:25

Олардың есімдері – Арлан, Арсылан, Әлихан және Әмірхан. Осылайша Жетісу облысының 31 жастағы тұрғыны Альмира Бекеева бір күнде көпбалалы ана атанды. Қуанышында шек жоқ. Бұл – оның төртінші құрсақ көтеруі. Енді Альмира мен Олжастың 6 ұлы мен 1 қызы бар.

Төртем мен олардың анасы перзентханадан шығарылды. Дәрігерлердің сөзінше, табиғи жолмен төртем көтеру сирек кездеседі. Мұндай жағдай Алматы қаласында соңғы рет 2015 жылы болған.

Альмира Бекеева, төртемнің анасы:

– Жүктілікті төртем екенін білгенде қатты қуандық. Қуанышпен бірге үлкен бір жауапкершілік пен қобалжу болды. Жүктілік, әрине, оңай өткен жоқ, күн сайын балалардың жағдайын ойлап уайым болды. Міне бұйырса, төрт балапанымды құшақтап үйіме қайтып барамын. Денсаулығым жақсы.

Альмира босанғанша Алматыдағы «Ұлттық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының» бақылауында болды. Дәрігерлер нәрестелердің күтіміне қажетті ақыл-кеңестерін де беріп отыратынын жеткізді.

Ардақ Аязбеков, «Ұлттық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы:

– Бақылау барысы 23-аптадан бастап орталықтың курациясында болды. Бірнеше прет стационарға жатқызып, бақылау жүргізіп, күшейтілген антенаталды бақылау жүргіздік. Отыз аптасында босанудың әрекеті басталуына байланысты жедел кесарь тәсілімен босанды.