«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы биыл бесінші рет өткізілді
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына биыл 3 мыңға жуық отбасы қатысқан. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте конкурс жайлы бірқатар дерек келтірілді.
5 жыл ішінде байқауда барлығы 12 мыңға жуық отбасы бақ сынаған. Олардың жартысынан көбі ауылдық жерлерде тұратындар, 37 пайызы көп балалы отбасылар.
Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отбасы мәселесіне айрықша көңіл бөледі. Әсіресе бала тәрибесінде әкенің ролін арттыру, ұрпақтың білімге құштарлығын ояту тақырыптары басты назарда.
Ләззат Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы ӘІОДС жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары:
- Бұл жолы сіздерге айтатын бір жақсы жаңалығымыз бар. Қазір білесіздер, елімізде Қоғамдық даму министрлігі құрылды. Осы министрліктің ішінде отбасылық саясатпен айналысатын арнайы комитет құрылып жатыр. Қазір бірден-бір мемлекеттік орган бұл. Ұлттық комиссия консультативті орган, біз отбасылық саясатты жүзеге асыруда осы комитетпен бірлесіп жұмыс істейтін боламыз.