Аргентинада өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада ел намысын 57 спортшы қорғайды
Бірер күннен кейін Аргентина астанасында жасөспірімдер арасындағы Олимпиада басталады. Бұл сынға еліміздің атынан 57 спортшы қатысуға мүмкіндік алды. Олар 22 спорт түрі бойынша сынға түспек.
Бүгін «Сарыарқа» велотрегінде ел намысын қорғайтындармен арнайы кездесу өткізіліп, ашылу салтанатында туды ұстап шығатын жерлесіміз анықталды.
Бұл құрметке 18 жастағы боксшы Дамир Тойбай лайық деп танылды. Аргентинадағы байрақты бәсекеге 206 елден 4 мыңнан аса спортшы қатысады. Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаттары «Хабар» арнасында көрсетіледі.