АЭС салу: Аргентиналық сарапшы пікір білдірді
Аргентинада тұратын халықаралық сарапшы Марсело Сальваторе Қазақстанда атом энергетикасын дамыту жөнінде өз пікірін білдірді. Ядролық технологияларды пайдалану арқылы осы білімді таратып, экономиканың басқа салаларын дамыта аламыз, – дейді ол. Сондай-ақ халықаралық нарықтарда сұранысқа ие өнімді шығара алатын жоғары білікті мамандар пайда болады.
1956 жылы Аргентина электр станциясын пайдалана бастаған Латын Америкасындағы тұңғыш ел болды. Қазір елге қажет энергияның 6%-ін қамтамасыз етіп отырған 3 АЭС жұмыс істеп тұр.
Марсело Сальваторе, NAC International компаниясының бас кеңесшісі:
- Бүгінгі таңда Қазақстан – уранға деген әлемдік сұраныстың жартысына жуығын қамтамасыз ететін әлемдік эталон. Бұл салада сенімді серіктес. Ядролық отын циклінде осындай маңызды орны бар Қазақстан қосымша құн беретін өзге де қызмет түрлерін дамыта алатыны анық.