Junior Eurovision 2018: «Хабар» арнасы жеребе тарту рәсімін көрсетеді
Данэлия Тулешова Минскіге барды. Ол 25 қарашада «Junior Eurovision 2018» ән байқауында еліміздің намысын қорғайды. Ал қазір дайындықтың соңғы кезеңі жүріп жатыр. Жас өнерпаз қобалжуға бой бермес үшін күн сайын дайындалып жатқанын айтады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл байқау бірнеше күннен кейін «Минск Аренада» өтеді.
Данэлия Тулешова, «Junior Eurovision 2018» байқауына қатысушы:
- Бүгін дайындық базасына барамыз. Қобалжу сезімін жеңу үшін сайыс басталғанға дейін дайындаламын. Ойдағыдай өнер көрсетуім үшін сақадай сай болуым қажет. Қызу дайындықтың арқасында жоғары нәтижеге қол жеткіземін деп ойлаймын.