Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасынан «Әйел бақыты» телехикаясы көрсетіле бастайды

Жаңа маусымда «Хабардың» көрермендерін бірінен бірі өткен қызық та, мазмұнды туындылар күтіп тұр. Жақын күндері арнамызда «Әйел бақыты» телехикаясы көрсетіле бастайды.Шытырман оқиғаға толы комедия жанрындағы телехикая қалай өрбиді?

БЛИЦ-сауалнама:

- Белімде грыжа бар. Тізем ауырса да еденді тізерлеп жуам. Қазіргі жастардың тазалағанына көңілім толмайды.

- Маған бәрібір. Тізерлеп те, түрегеп жусам да алатыным сол бір айлық.

Оқиғалардың ортасында әдетте ешкім байқамайтын әйелдер бар. Олар Ыстанбұлдағы бай үйлердің бірінде қарапайым үйдің қызметшілері. Бастапқыда олардан нендей қауіп болуы мүмкін деп ойлайсыз? Бірақ жұмыс берушілер олардың отбасылардағы оқиғалар мен құпияларды білетінінен мүлдем бейхабар.

Айча Бингөл, Сонгүл рөлінде:

- Бір үйдің қызметкері сол үйдегі барлық өтірік, ақиқат, көзбояушылықтарының барлығынан хабар. Бәріміз сол үйдің құпия сандығы іспеттіміз.

Бірқалыпты тіршілікпен жүрген олардың бірі белгісіз себептермен өз-өзіне қол жұмсайды. Жап-жас Мерием өзі жұмыс істеген үйдің балконынан секіреді. Бұл оқиғадан кейін барлығының өмірі түбегейлі өзгерді. Мериемнің өлімінің себебін анықтау үшін қызметшілер бірігеді. Бірақ әр жаңа құпия ашылған сайын олардың өмірлеріне қауіп төне түседі. Оқиғаның қалай өрбігенін білу үшін қыркүйекте шығатын «Әйел бақыты» телехикаясын көріңіздер.

Меруерт Қанағат