Астанада құрылыс нысандары, жасанды интеллект және компьютерлік көру технологиялары арқылы бақылауға алына бастады. Бұл туралы жуырда Үкімет отырысында айтылған еді. Мемлекет басшысы былтырғы халыққа арнаған Жолдауында жасанды интеллект технологияларын ел экономикасына жаппай енгізуді басты стратегиялық бағыт етіп белгілеген еді. Содан бері не өзгерді? Жасанды интеллект нәтижелері қандай?
Елімізде қуаттылығы 1 ГВт-қа дейін жететін ұлттық AI Hub қалыптасады. Яғни жасанды интеллект технологияларын дамытатын, зерттейтін, оқытатын экожүйе пайда болады. Бұл туралы түнеугүні Жасанды интелелкт және цифрлық даму минстрі мәлім етті. Сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар сапалы мобильді байланыспен қамтылады. Жасанды интелект мемлекттік қызметтердің де қолжетімділігін арттырып отыр. Бүгінде eGov GPT ЖИ-көмекшісі сәтті жұмыс істеп тұр.
Әлібек Сайланбаев, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ЖИ жөніндегі басқарушы директоры:
- Егер eGov AI сұраққа жауап беретін болса, eGov GPT тек жауап беріп қоймай, сіздің орныңызға іс-қимыл жасап, сізге бәрін дайындап береді. Егер eGov AI-да сіз психикалық диспансерден анықтама керек деп айтсаңыз, ол сізге eGov-тағы сілтемені береді, осыны толтыр дейді. eGov GPT-да оны толтырып, сізге жасап береді. Сіз қол қойып, растауыңыз ғана керек болады.
Сондай-ақ қазір 303 ғылыми зертхана, 62 коммерцияландыру орталығы жұмыс істеп тұр. Бұған дейін мемлекеттік қызметтер смартфонда болса, бүгінде eGovAI, e-Otinish бот және өзге де цифрлық көмекшілер жұмыс істейді. Сондай-ақ былтыр Alem Cloud ұлттық суперкомпьютері іске қосылды. Ол жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер және үлкен деректерді талдау бағытындағы жобаларды іске асыруға арналған құрылғы.
Марал Берік, ҚР ЖИЦДМ Жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту басқармасының сарапшысы:
Қуаттар мемлекеттік органдарға және басқа да олардың ұйымдарына беріліп жатыр. Қазіргі уақытта ЖИ генеративті ЖИ және ірі тілдік модельдердің негізінде алаяқтық тәуекелдерді болжауға, азаматтардың өтініштерін автоматты түрде өңдеуге, медицинадағы деректерді талдау, жұмыстарды әрмен қарай автоматтандыруға, оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Көлік секторында «Цифрлық көлік» ұлттық жобасы іске қосылады. Ол өткізу пункттерінен өту уақытын 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ Smart Cargo бақылау жұйесі іске қосылады. ЖИ-көмекшілері бар Smart-фермалар мен Digital Agro Market сауда алаңы да құрылады. Бұл субсидия алушылардың жалпы өнім көлемін 3-5%-ға арттыруға бағытталған.
Құралай Жұмахан