Енді 13-ші қыркүйекке дейін еліміздің барлық өңірінде ақпараттық, танымдық және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Әр күн отбасы өміріне қатысты белгілі бір тақырыпқа арналады. 7-ші қыркүйек «Отбасы: дәстүр мен бүгінгі заман сабақтастығы» деп бекітіліпті. Алдағы күндер отбасын саналы түрде құру, үлгілі ата-ана болу, денсаулықты сақтау сияқты тақырыптарға арналған.
Айта кетейік, Отбасы күні Қазақстанда дәстүрге сай қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді. Апталықтың негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамыту және саналы ата-ананың маңызын түсіндіру.