Жаңа 2019 жылды «Хабармен» бірге қарсы алыңыз!
Жаңа жылды «Хабар» арнасымен бірге қарсы алсаңыз, мерекелік қызықтан, құр қалмайсыз! Көрерменнің талғамын ескерген «Хабар» телеарнасы ерекше тосын сый жасап отыр. «Хабардың» эфирі бір апта бойы мерекелік бағдарламаларға толы. Көптен күткен Ерке Есмаханның «Махаббат кафесін» 28 желтоқсан сағат 21:30-да көре аласыздар! Сенбінің кешінде қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің «Қызық премиясы» назарларыңызға ұсынылмақ. Мұндай премия Қазақстанда тұңғыш рет өткізіліп отыр.
Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері:
-Еліміздегі музыка әлемінің басты жаңалығы дәстүрлі түрде көрсетіліп келе жатқан Ұлттық ТВ жүлде деген арнайы жобамыз бар. «Хабар» телеарнасынан екінші рет көрсетіледі. Дәл осы күні 100-ден аса музыка саласында жүрген өнерпаздар, продюсерлер бар ән өнеріне қатысы бар барлық адамды марапаттайды.
31 желтоқсан сағат 21:00-де асыға күткен «Шеттетілгендер» әлемдік киновелласының телевизиялық тұсаукесері өтеді. Бұл сериалды 7 қаңтардан бастап әр дүйсенбі сайын сағат 22:30-да көре аласыздар!
Айкүміс Сексенбаева, «Хабар» телеарнасының бағдарламалар директоры:
-Біз осы сериалдың эксклюзивті көрсетілімін эфирден беру үшін Канға арнайы «БиБиСи» арнасымен келіссөз жүргізу үшін барған болатынбыз. Біз ТМД елдері ішінде бірінші болып көрсетеміз. Сондықтан осы әлемдік туындыны тек «Хабар» арнасының көрермендері ғана көре алады.
Қызықтың бәрі алда. 31 желтоқсан сағат 22:00-де «Мерекелік қарбалас» тележобасын жіберіп алмаңыздар! Ал 1 қаңтардың кешінде «Қош келдің, жаңа жыл!», «Жаңа жыл кештері» атты қос музыкалық бағдарлама қатарынан көрсетіледі. Ал 2 қаңтар, сағат 21:30-да елордалық қайырымдылық балы эфирге шығады. 7 қаңтарға дейін кеңестік кезедегі кинолар назарларыңызға ұсынылмақ. Бұдан бөлек қазақ тіліне тұңғыш рет аударылған «Нотр-Дам де Пари» мюзиклі де көрсетілетін болады.
Авторлар: Айбар Төлжанұлы, Есбол Жәмшитов