«Хабар» арнасы Наурыз меркесіне орай ерекше бағдарлама әзірледі
Наурыз Live. «Хабар» арнасы Наурыз меркесіне орай ерекше бағдарлама әзірледі. Арнамыз көрерменге тікелей эфирде 5 сағаттық телемарафон ұсынғалы отыр. Тек Алматының өзінде марафонды эфирге шығару үшін 50 жуық маман атсалысады.
Шара барысында көпшілікті танымал тұлғалар құттықтап, өнер иелері ән мен биден шашу шашады. Ұлттық салт-дәстүрімізді паш етеді. Бұған қоса көрермендер «Хабар құттықтайды» челленджіне қатысып, жақындарына тосын сый жасай алады.
Елімізде әз Наурыздың қалай тойланып жатқанын «Хабардан» көре аласыз. Ертең сағат 11:00-15:00 аралығында телемарафон өтеді. Іс-шаралар түгелдей тікелей эфирде көрсетіледі. Әр өңірден ақпарат таратып, тілшілеріміз әр аймақтың мерекені қалай атап өтіп жатқандығын баяндап береді. Көрші мемлекеттер де қамтылады. Наурызға арналған басты концерттік бағдарлама, ұлттық ойындар, сүбелі сұқбат ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Алматының «Астана алаңында» күні бойы дайындық жүреді.
Қаламқас Андасбекова, «Хабар» телеарнасының продюсері:
- Жыл сайын «Хабар» арнасы Наурыз мерекесі болсын, түрлі шаралардың кезінде халықты қуанту үшін, халыққа жылы жақсы дүние ұсыну үшін, жылда марафон ұйымдастыру алға қойылған. Енді биылғы марафонның еркешелігі өте көп. Сіздерге жақсы дүние ұсыну үшін, 5 сағат бойы сіздердің көңілдеріңізді көтеру үшін барымызды салатын боламыз.
«Хабар құттықтайды». Марафонда осындай тақырыппен челлендж басталады. Оның талабын орындаған жағдайда сіздің жақыныңызды өнер жұлдыздары, танымал тұлғалар құттықтайды.
Қаламқас Андасбекова, «Хабар» телеарнасының продюсері:
- Теледидарда QR код беріледі. Сол QR кодты басу арқылы бізге сіз өзіңіздің құтықтауыңызды жібере аласыз. Сол құтықтауда арнайы асықпен келген мейманымыз асықты алып, сол хаабарлама сіздікі болып шықса, мәселен, сізді Алтынбек Қоразбаев құттықтауы мүмкін, Роза Рымбаева құтықтауы мүмкін деген дүниелер бар.
Нұргүл, Гүлстан, Сәуле, Гүлмира Бақтияровалар бір үйдің қыздары. Қазір еліміздің әр өңірінде тұрады. Наурыз мерекесінде Алматыға жиналыпты.
Гүлстан Бақтиярова, турист:
- Осы төртеуміз бір үйдің апалы-сіңілілеріміз. Қарағандыдан келіп отыр 3 сіңілім. Себебі Наурыз мейрамына 4-5 күн демалыс болатындықтан, сол тойды көрейін деп. Наурыз мейрамының қалай өтетінін Алматыда.
Сәуле Бақтиярова, турист:
- Алматы қаласы өте ұнап жатыр бізге. Міне, 2 күн демалып жатырмыз. Әдейі арнайы осы Наурыз мейрамы деп келіп отырмыз. Енді бәрі ұнап жатыр.
Иә, алматылықтар мен қала қонақтары Наурыз думанды асыға күтеді. Жергілікті әкімдік те аянып қалған жоқ. Наурызнама аясында театрландырылған керуен жүріп өтеді. Оған батыр, бүркітші, ақын образындағы мыңнан астам адам қатысады.
Ендеше «Хабар» қосулы болсын!
Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов