Хабар телеарнасы

«Zerde» зияткерлік бағдарламасының жеңімпазы анықталды

«Хабар» арнасында «Zerde» зияткерлік бағдарламасы өз мәресіне жетті. Алматы қаласының тұрғыны Марат Қылышбаев білімімен, зеректігімен жеңімпаз атанып, жобаның «хрустальді» кубогіне ие болды.

«Zerde» телебағдарламасы – британдық жобаның нұсқасы. Жаңа Зеландия, Үндістан, Ресей сыңды елдердің көрермендеріне кеңінен танымал бағдарлама – BBC Mastermind компаниясының әлемге әйгілі озық жобаларының бірі.

Былтыр күзден бері «Хабар» арнасынан эфирге шыққан бағдарламаға 64 адам қатысып, білімін сынап көрді. Екі минут неғұрлым көп сауалға жауап бергендері іріктеліп отырды. Ал алматылық инженер Марат Қылышбаев жеңімпаз атанды.

Марат Қылышбаев, «Zerde» бағдарламасының жеңімпазы:

- Кейбір сұрақтар логиканы қажет етті. Бірақ сұрақтың көбісі эрудицияға байланысты болды және бағым жанып, мен білетін сұрақтар кездесіп, соның арқасында ойын жеңімпазы атандым.