Абай шығармаларының жаңа үлгідегі екі томдығы жарық көрді
Семейде «Абай: жаңаша үлгідегі басылым» қос томдығы жарық көрді. «Рухани қазына» бағдарламасының жемісі – ұлы Абайдың 175 жылдығына тарту. Екі томның жинақталуына философия ғылымдарының кандидаты Асан Омар жетекшілік етті. Кітапта ақынның түрлі жылдарда жазылған өлең-жырлары түсіндірмесімен қоса берілген. Әзірге қос томның 100 данасы ғана басылды.
Майгүл Малғаждар, оқу залының жетекшісі:
- Құрастырушының назар аудартып отырған ерекшеліктері бар. Біріншіден, ол өлеңдер шығу жылдарына байланысты хронологиялық ретпен орналасқан. Екінші ерекшелігі Абай өлеңдерінің қалай және қандай жағдайда шыққаны туралы, сонымен бірге әр өлеңнің мазмұнына түсініктеме берген.