Хабар телеарнасы

Жезқазғандық оқушы Сәбина Сламғали Абайдың 100 өлеңін жатқа біледі

Дарынды шәкірт осыған дейін Абай оқуларының қалалық, облыстық кезеңдерінде бірнеше мәрте жүлде алған. Ұлы ақынның шығармашылығына бүлдіршін кезінен қызыққан Сәбина болашақта Абай мұрасын насихаттау ісіне араласамын дейді. Жасөспірім шығармашылығын шыңдау мақсатында жазғы демалысында да мектеп кітапханасына баруды әдетке айналдырған. Себебі терең мағыналы туындыларды қайталап тұрмаса, қарайып қалуым мүмкін»,— дейді. Ол қазір гимназия жанынан құрылған телестудияда ақын мұраларынан оқушыларға арналған контент әзірлеп жүр.

Сәбина Сламғали, 10-сынып оқушысы:
-Бала кезден бастап Абай Құнанбаевтың барлық өлеңдерін сүйіп оқитынмын. 5-6 сыныптан бастап Абай өлеңдерін жатқа оқыдым. Менің ойымша жастарға рух беретін, өшпес мұра болған және түсінікті тілмен жазылған. Сол себепті мен Абай өлеңдерін жаттадым.