Елде мүгедектігі бар 111 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
Бұл еңбекке қабілетті зағип жандардың 29%-і. Бірақ мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ.
Екі қолға бір күрек таппағандардың саны 270 мыңға жуықтаған. Сондықтан жауапты ведомство алдағы 5 жылға инклюзивті саясат тұжырымдамасын әзірледі. Оған сәйкес, 13 бағыт бойынша жұмыс басталды. Құжатта инклюзивті еңбек нарығы, білім беру, қоғамдық-саяси өмірге тарту сынды маңызды бағыт қамтылған. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау үшін кейбір заңнамаға толықтыру мен өзгерту енгізу көзделген.
Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
- Заң жобасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясының ережелеріне сәйкес, мүгедектігі бар адамдарға қатысты теңдік пен кемсітушілікті жоюды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.