Астанада мүгедектігі бар азаматтарға дауыс беру үшін жағдай жасалған
Астанада барлық дауыс беру орындарында мүгедектігі бар азаматтар үшін 66 инватакси көлігі жұмыс істеп тұр. Референдум учаскесінде де қосымша қажетті аудио құралдары мен бейнежазба ақпараты бар.
Әсемгүл Әбдірахманова, әлеуметтік қызметкер:
- Маған бәрі ұнады. Мені ұйымдастырушылар қарсы алды. Арнайы батырма да, пандус та қарастырылған екен және инватаксидің ұйымдастырылғаны үлкен мүмкіндік. Референдумға қатысу – әр адамға азаматтық парыз. Мен де көптен қалмай, борышымды өтегеніме қуанып тұрмын.