Жас балуандар Алматыда жиналды. Спорт жаңалықтары
Алматыда күрес түрлерінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы ел біріншілігі басталды. Бұл сынға еліміздің 17 облысынан және Астана мен Алматы, сондай-ақ Шымкент қаласынан ең үздік деген палуандар келді. Мамандар біріншілік тартысты өтеді, - деп болжайды. Өйткені осы жарыстан кейін ұлттық құрама жасақталып, жыл соңына дейінгі халықаралық және құрлықтық додаларда ел намысын қорғайтын үміткерлер белгілі болады.
Ел чемпионатының салтанатты ашылу шарасына даңқты палуандар мен федерация басшылары қатысып, жастарға сәттілік тіледі. Жарыс 2-ші наурызға дейін жалғасады.
Бокстан халықаралық турнир басталды
Орал қаласында бокстан Манарбек Ихсановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир басталды. Былғары қолғап шеберлерінің бәсекесіне Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және еліміздің 7 өңірінен 200-ден астам жас өрендер келіпті.
Казталов ауданы Қайыңды ауылының түлегі Манарбек Ихсанов тек 16 жасында ғана бокстың қыр-сырын жетік меңгерді демесеңіз, жеткен жетістіктері жетіп артылады. 1982 жылы жастар арасында өзіне тең келер қарсылас таппай ел чемпионы атанса, одан кейін де талай турнирлерде топ жарды. Манарбекті еске алуға арналған жарыстың мән-мағынасы мен жағрафиясы жыл өткен сайын артып келеді. Алғашында облыстық деңгейде ұйымдастырылса, кейін республикалық статус алды. Енді міне, халықаралық турнир дәрежесіне жетіп отыр. 2009 және 2010 жылы туған жасөспірімдер жарысы жексенбі күні аяқталады.
Дмитирий Зелени, турнирге қатысушы:
- Мен Саратов қаласынан келдім. Бокспен үш жыл айналысам. Облыс чемпионымын. Енді мына жарыста топ жарып, өз деңгейімді дәлелдегім келеді. Жарыс жақсы өтіп жатыр. Спорт кешені өте кең, Оралдың халқы қонақжай екен.
Бақдәулет Сәбитов, БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
- Біздің жасөспірімдерімізге үлкен тәжірибе одан кейінгі додаларға. Біздің өңір спортшыларына ҚР Чемпионаты алдындағы үлкен старт есебінде болады. Сондықтан дәстүрлі түрде өткізе берген біз үшін абзалырақ. Орын алған спортшылар ҚР спорт шеберлігіне үміткерді орындайды.
Таиландтың Бангкок қаласында нысана көздеуден құрлықтық дода жалғасып жатыр. Оған 23 мемлекеттен 320 ден аса үміктер қатысуда. Кезекті жарыс күні винтовкамен 50 метрдегі нысананы жатып көздеу бойынша медальдар сарапқа салынды.
Әйелдер арасындағы командалық сында Қазақстан ұлттық құрамасы ең үздік нәтиже тіркеп, жеңімпаз атанды. Ел намысын Александра Ле, Арина Алтухова және Елизабета Безрукова қорғаған болатын. Екінші орынға Жапония құрамасы жайғасса, үштікте Корея тұрақтады. Осылайша қоржындағы медальдардар саны 21-ге жетіп отыр. Оның 9-ы алтын, 8-і күміс және 4-еуі қола. Жалпы командалық есепте топ бастап келеміз.
Бангкок қаласындағы құрлықтық дода мәресіне жетеді.